Клиенттерге, контрагенттерге және барлық мүдделі тұлғаларға хабарлама
«Fincraft» Инвестициялық үйі» акционерлік қоғамы – инвестициялық портфельді басқарушы ретінде (бұдан әрі – Қоғам) келесі ақпаратты Клиенттерінің назарына ұсынады.
Қоғам, «Инвестициялық портфельді басқару жөнiндегi қызметті жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 3 ақпандағы № 10 Қаулысының 20-тармағын басшылыққа ала отырып, Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен К1 пруденциалдық нормативін (меншікті капитал жеткіліктілігінің коэфиценті) сақтамауына байланысты Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы жазбаша ұйғарым алғанын хабарлайды.
Қоғам, Агенттікке пруденциалдық нормативін бұзушылықтарды жоюды қарастыратын іс-шаралар жоспарын ұсынды және Қоғам соңғы 2 айдағы операциялық шығындарын төмендету арқылы шығындарды оңтайландыру бойынша шаралар қабылдап жатқанын атап өткіміз келеді.